Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік және ұлттық бірлік идеясының жемісі

Ассамблеяны құра отырып, Қазақстан әлемдегі барлық мәлім болған модельдерден де озық шыға білді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік және ұлттық бірлік идеясының жемісі
Дереккөз: yujanka.kz

Ұлы Жамбыл ақынның: «Жігерлі болса ер болар, Бірлікті болса ел болар» деген нақыл сөзі бар. Бүгінгі күні Қазақстанда бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті қалыптасып, қоғамдағы ұлттық бірлік пен мемлекеттік болмысымыздың кепіліне айнала білді.

Әсіресе, мәдениет – тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктерді ұлықтап, ұлтты ұлы істерге ұйыстырудың бірегей тетік екені баршаға мәлім. Бейбітшілік, руханият пен келісім: бәрінің түпкі тамыры – мәдениетте жататыны сөзсіз. ХХІ ғасырдың ең басты заңы – бейбітшілік пен татулық, этносаралық, дінаралық және конфессияаралық келісім.

Келісім – экономика мен саясаттың, қауіпсіздіктің, өмірдің заңы. Қазақстан келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге талпыныс жасап келеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев рухани-келісім мәдениеті мен ұлттық бірлік идеялары Қазақстанда мәңгілікке болуы қажеттігін атап, оны іс жүзінде дәлелдей білді. Бұл – факт.

Қазақстанда бейбітшілік пен келісім саясатын, ұлттық бірлік идеяларын сақтаушы ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының сенімді тірегін кез келген сөзден артық сипаттауға болады.

Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы әр кезде де уақытпен бірге қадам жасауда. Ассамблеяны құра отырып, Қазақстан әлемдегі барлық мәлім болған модельдерден де озық шыға білді.

Бірінші. Қазақстанда этностық, тілдік, діни және әлеуметтік ерекшеліктерге қарамастан, бүкіл қазақстандықтардың тең құқығы қамтамасыз етілді. Елімізде қысым жасаудың кез келген түріне, бейбітшілік мен келісімге қол сұғушылыққа жол жоқ және ол заңмен қатаң реттелді.

Екінші. Әртүрлі этностағы қазақстандықтар индустрияландыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, ғылымға, білім беруге, денсаулық сақтауға, спортқа белсенді атсалысып келеді. Қазақстан экономикамызда ешкім этносына қарап бөлінбейді. Бәрі көпұлтты ұжымдарда тату-тәтті еңбек ететін салмақты қоғамдық күшке айналды.

Үшінші. Қазақстандағы бүкіл этностардың мемлекеттік тілде білулері үшін жағдайлар жасалуда. Мемлекеттік тілді меңгеру аясында мүдделі мемлекеттік органдардың ұйымдастыруымен бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Әртүрлі этнос өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп, республикалық және жергілікті Ассамблея сессияларында қазақ тілінде еркін сөйлеу мәртебесіне ие болды.  

Төртінші. Қазақстанда өзге дін өкілдеріне деген толеранттылық пен құрмет көрсету үрдісі жоғары деңгейге көтерілді, мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар нығайып, этносаралық және дінаралық келісім саясаты күшейді. 

Бесінші. Қазақстандық мәдениет елдегі бүкіл этностардың мәдени қатпарларының тығыз қарым-қатынасы арқасында қалыптасатыны сөзсіз. Осы орайда, елімізде бүкіл этностардың мәдени мұраларының дамуы да қамтамасыз етілген. Кез келген этносқа жататын біздің отандастарымыздың әлемдік өнерге, әдебиет пен спортқа, қосқан үлестері артты. Әлемдік олимпиада ойындарындарында әртүрлі этнос өкілдері арасынан чемпиондар шығып, Қазақстанның көк туын желбіретіп, биік көтерді.

Алтыншы. Қазақстан халқы Ассамблеясы – іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты қалыптасты. Ассамблея – бүкіл азаматтардың бүкілхалықтық өкілдері мүдделерінің инновациялық моделі Қазақстандағы демократияның табысты құралына айнала білді. Елімізде 800-ден астам этномәдени бірлестіктер қызметін шоғырландырады. Бұл дегеніміз 70 мың белсенді азаматтар. Ал осы жұмысқа барлығы 3 миллионнан астам адам қатысады.

Жетінші. Ассамблеяның 20 жылдығында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының жаңа кезеңі басталды. Әр қалада, аудан орталығында, ауылдар мен селоларда жұмыстарға ерекше екпін берілді. Осы ретте, Ассамблея аясында құрылған жергілікті жерлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін күшейіп, оң ықпалын тигізді.

Сегізінші. Ассамблеяның өңірлік деңгейдегі құрылымдары күшейді. Мемлекет Басшылығының тапсырмасы бойынша барлық облыстарда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында кіші Ассамблеяларды дамыту тұжырымдамалары қабылданып, табысты жүзеге асырылды. 

Тоғызыншы. Ассамблеяның бай халықаралық байланыстары жолға қойылды. G-GLOBAL идеясын ілгерілету мақсатында Ассамблея белсенді жұмыс жасады. Нұр-Сұлтан қаласында өткен ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесі мен Алматыда өткен Универсиада-2017 сияқты аса ірі халықаралық шараларға деген дайындық жұмыстарын табысты жүзеге асырды. Осы шараларда Қазақстанның көпэтностық, толеранттылық, бейбітшілік пен келісім саясатының толағай табыстары мен жаңа жетістіктері паш етілді. 

Дана қазақ халқы: «Дамудың сыры – бірлікте, Табыстың сыры – тірлікте» деген. Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге тікелей байланысты болып табылады. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар десек артық етпес.

Ортақ ордамыз – Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. Ол – жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан! «Саусақ ашса – қылдырық, жұмса – жұдырық» екенін көкейге берік екенін сезінеміз.

Жоғарыда аталғандарды ескеретін болсақ, дәстүрлі рухани құндылықтар мен бейбітшілік пен келісім, ұлттық бірегейлі модельдердін ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде толық қалыптастырып, оның басты іргетасын қалай білді. Бүгінгі таңда осы жаңа модельдер Халықаралық қауымдастықпен мойындалып, жоғары баға берілді.

Әлемдік деңгейдегі беделді саясаткерлер Елбасы Н.Ә. Назарбаевты жаһандық мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалог пен үнқатысуды дамытуға қосқан қомақты үлесі, табанды еңбегі мен қажырлы қызметін ескере отырып, ХХІ ғасырда бейбітшілік саласында «Нобель» сыйлығын беру туралы бірқатар ұсыныстар мен бастамаларды көтерді. Бұл уақыттың еншісінде.