Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Банкет залдары жұмысын қайта жалғастыруы мүмкін

Өз сөзінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы бүгінде қосымшаны пайдаланушылар саны 378 мыңнан астам адамға жеткендігін айтты.

Банкет залдары жұмысын қайта жалғастыруы мүмкін
Фото: ашық дереккөз

26 сәуірде Ashyq жобасы пилоттық режимде жұмысын аяқтап, ендігі кезекте ол елдің барлық аймақтарына таралады. Белгілі болғандай қазір аталған қосымшаны 1600-ден аса кәсіпкерлік субъектісі қолдануда. Олардың қатарында фитнес-клубтар, бассейндер, спа-орталықтар, сауналар, компьютерлік және боулинг клубтары, кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану объектілері, театрлар мен филармониялар бар. 

«Қосымшаны Алматы, Нұр-сұлтан, Қарағанды, Талдықорған Тараз қалаларының кәсіпкерлері белсенді қолданып жатқанын көріп отырмыз. Елдегі 48 кинотеатр Ashyq қосымшасы арқылы өз жұмыстарын бастады. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары әзірге алда келе жатыр.  Алдағы уақытта өңірелердегі кинотеатрлар мен театрлар да қайта ашылады деген ойдамыз», - деді Абылай Мырзахметов.

Өз сөзінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы бүгінде қосымшаны пайдаланушылар саны 378 мыңнан астам адамға жеткендігін айтты. Пилоттық режим кезінде қосымшаның көмегімен «қызыл» статустағы 809 келушінің мекемеге кірмек болғаны анықталған. 

Сондай-ақ, жобаға балаларға арналған ойын-сауық орталықтары да қосылмақ.

«Жобаға балалар лагерлері мен ойын-сауық орталықтары, фуд-корттар, жоғары оқу орындары, көрме ұйымдастырушылары қосылуға дайын. Фитнес орталықтары топтық сабақтарды қалпына келтіруді сұрайды», - деп атап өтті ҰКП Басқарма төрағасы.