Жиналған халыққа дөрекілік танытқан әкім "артық қыламын деп тыртық қылды". Осы сәтте көпшілік оны жерден алып, жерге салды.
Алматы облысында Панфилов ауданындағы "Хоргос" өткізу пунктіне жиналған халыққа басу айтуға келген әкім мәселені ушықтырып жіберді. Әкімнің халықтың ашуын басамын деп ойлап, керісінше, ұрсыса жөнелген сәті видеоға түсіп қалды, деп жазады Paryz.kz.
Видео Instagram-дағы kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды.
"Онға жуық белсенді ұсталды. Сол себепті халық жолға жиналды. Бәрі "Хоргос" үшін. Міне әкімдер де жүр", - делінген жарияланымның пікірінде.
Жиналған халыққа дөрекілік танытқан әкім "артық қыламын деп тыртық қылды". Осы сәтте көпшілік оны жерден алып, жерге салды.
"Әкім мырза, сізді халық таңдады ғой? Енді сол халықты тыңдаңыз", - деген наразылардың біріне әкім:
"Сен мені таңдаған жоқсын!" - деп жауап қатты.
Айта кетсек, Болат Омаров Жаркент қаласының әкімі болып 2020 жылы наурызда тағайындалды. Шенеуніктің бұл әрекетін мемлекеттік қызметтер жөніндегі агенттік назарына алуы мүмкін.