Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

26 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі

26 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер дүйсенбі, яғни 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Paryz.kz.      

«Қазақстанның батыс жартысы антициклонның ықпалында болатындықтан, бұл аймақта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстік жартысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша кей өңірде тұман түседі, жел күшейеді, солтүстік-батыста қатты дауыл соғуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін жетіп, Батыс Қазақстан, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай соғады.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы облысының Алакөл аумағында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, қатты дауыл, тұман болады, желдің 15-20 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін соғады.