Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақстан Бүкіләлемдік «World Сleanup Day» экологиялық акциясы аясына қатысты

Бүкіләлемдік «World Сleanup Day» экологиялық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласында ағаштар отырғызылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қазақстан Бүкіләлемдік «World Сleanup Day» экологиялық акциясы аясына қатысты

Экология министрлігінің бастамасымен бұл жылы акция бір уақытта бүкіл өңірде өтіп жатыр. Шара аясында Елордадағы триатлон-саябақта ағаштар отырғызылып, автомобиль жолдары бойындағы қоқыстар жиналды. Акция кезінде санитарлық-эпидемиологиялық сақталды.

"Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында берілген орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу тапсырмасын орындауға бағытталған бүкілхалықтық акцияның тек бастамасы. Ағаш отырғызу ел бойынша әлі жалғасын табады",- деді Экология, геология,геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

"Негізінен осы жерде, Елорда орталығында жаңа парк болады. Болашақта бұл ағаштар спортшыларды желден қорғайды. Азаматтар жиі келетін, демалуға ыңғайлы, әрі әдемі орынға айналады. Қоршаған ортаның жақсаруына әсерін тигізеді"- деп айтты ол.

Сенбілікке сонымен бірге Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәжіліс Төрағасының орынбасары В.Божко, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.

"Бірге-Таза Қазақстан" акциясы Қазақстанның барлық өңірлерінде волонтерлардың, эко-белсенділердің қатысуымен өтіп жатыр.