Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстандықтар "бетпердеде улы химикаттар бар" деп есептейді

Желіде тараған видеода бір топ адам медициналық бетпердені отқа жағып жатқанын көруге болады.

Қазақстандықтар "бетпердеде улы химикаттар бар" деп есептейді
Фото: дереккөз

Қазақстандықтар бетперденің зияны жайлы түсірілген видеоны қызу талқылауда, деп хабарлады Paryz.kz  Stopfake.kz басылымына сілтеме беріп.

Желіде тараған видеода бір топ адам медициналық бетпердені отқа жағып жатқанын көруге болады. Бетперде тұтанудың орнына еріп жатыр. Ролик авторлары бетперде қолдануға қауіпті деген қорытындыға келеді.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде видеоның Қазақстанға қатысы жоқ екенін атап өтті.

Белгілі болғандай, видео Ресейде түсірілген. Сонымен қатар, сатылымдағы бетперделердің сапасы жоғары, санитарлық талаптарға сәйкес келеді, - деді министрлікте. 

"Спанбонд материалы улы емес, ол синтетикалық материал. Оны жандырған кезде шынымен де ериді, бірақ зиянды қосылыстар бөлмейді. Видеода айтылған пластик медициналық бетперде өндірісінде қолданылмайды. Осылайша, видео бетперденің улы екенін білдірмейді, бірақ жазба авторлардың жасаған тұжырымдары қате", - дейді сарапшылар.