Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Миы шайқалған": Алматыдағы балабақшалардың бірінде бір жарым жасар қызды ұрып-соқты

Полиция департаменті бұл істің тергеліп жатқанын хабарлады.

"Миы шайқалған": Алматыдағы балабақшалардың бірінде бір жарым жасар қызды ұрып-соқты

Алматыдағы Балалар білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жасар қызды ұрып-соққан. Бұл туралы "НеМолчиKz" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дина Таңсәрінің айтуынша, балада жарақаттар көп және миы шайқалған дейді.

"Балабақша директоры мұны басқа бала жасады деп айтып отыр. Бұған сену қиын", - дейді ол.

Полиция департаменті бұл істің тергеліп жатқанын хабарлады.

"Бұл факт ҚК-нің 141-бабы "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді және Жетісу аудандық ПБ іс жүргізуінде жатыр. Тергеу аясында тиісті іс жүргізу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізіледі, олардың нәтижелері, қылмыстық іс бойынша шешімі қабылданатын болады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.