Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Африкада аң аулап жүр": Жирафты атып, "сиырды" сойған қазақтар желіні тағы шулатты (ВИДЕО)

Мен мұны адам мәдениетінің ең төменгі көрсеткіші деп санаймын.

"Африкада аң аулап жүр": Жирафты атып, "сиырды" сойған қазақтар желіні тағы шулатты (ВИДЕО)
Дереккөз: Youtube/SilkRoad

Желіде "Қазақтар Африкада аң аулап жүр" деген видео тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті. Қазнетті пайдаланушылар азаматтардың қатыгездігін көріп, шошыған, деп жазады Paryz.kz. 

Аталған видео Silk Road Youtube арнасында пайда болды. Онда азаматтардың алдымен жирафты атып, кейін зебраны көлікке тиеп жатқанын анық көруге болады. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева видеоға қатысты түсініктеме беріп үлгерді.

"Біздің отандастарымыз жабайы экзотикалық жануарларды аулап жатқан видеоны көргеннен кейін жағымсыз сезім туып, тіпті көңілім қалды, оқиға шамасы "Африкада" болған. Мен мұны адам мәдениетінің ең төменгі көрсеткіші деп санаймын. Адамдар үшін бұл шынымен көңіл көтеру екені таңғалдырады - оларға жануарларды өлтіру құқығы берілгендей! Бұл жайт жануарлар тағдырына бей-жай қарамайтын адам ретінде мені қынжылтты. Экзотикалық елде де біз адам бола білуіміз керек. Мен мұндай әрекеттерді қолдамаймын. Ал жануарларға обал. 

Мен қоғамдағы кез келген қатыгездіктің жазасын беріп, соттау керек деп санаймын. Әйтпесе, біз барлық техникалық жетістігімізге қарамастан қайтадан варварлық өмірге ораламыз", - деді ол.