Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қайыңды көлінде матраста жатқан қыз желіні шулатты

Сәкеннің үндеуі менің ар-намысыма, абыройыма нұқсан келтірді.

Қайыңды көлінде матраста жатқан қыз желіні шулатты
Дереккөз: inform.kz

Алматы облысындағы Қайыңды көлінің ортасында матраста жатып, роликке түскен қазақстандық ару, алғаш рет көпке мәлімдеме жасады деп хабарлады Paryz.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Ару өзінің үндеуінде тәуелсіз экологиялық шолушы Сәкен Ділдахметті сотқа беретінін мәлімдеген. 

"Сәкеннің үндеуі менің ар-намысыма, абыройыма нұқсан келтірді. Ол біздің іс-әрекетімізді цирк пен Brazzer порно студиясымен салыстырды. Құрметті Сәкен, енді осы мәселені сізбен өркениетті елдердегідей сот арқылы шешетін боламыз", - дейді ол. 

Естеріңізде болса, осыған дейін желіде Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан арудың видеосы тарап, көптің қызу талқыға түскен еді. Бойжеткеннің әрекетін желі қолданушылары сынап тастаған еді. Аталған видеоны тәуелсіз экологиялық шолушы Сәкен Ділдахмет те өзінің Facebook парақшасында жариялап, ұлттық саябақтардағы бұқаралық туризм неге әкелетіні туралы жазған еді. 

"Егер ол суға батып кетсе, не болар еді? Онда оны ешкім құтқара алмас еді. Ал су тым салқын. Өкінішке орай, біздің отандастарымыз фото мен видеоға түсу үшін осындай амалдарға барады. Видеоның авторы мұны туризмді дамыту үшін түсіргенін жазған. Сіз мұндай қадамға барғанда не ойладыңыз? Бүгін матрас, ал ертең қайық және тағы басқасын әкеледі. Осылайша біз, көлдің басты ерекшелігі – суға батқан орманнан айырылып қалуымыз мүмкін. Қайыңдыдағы бұл не цирк?", – деп жазды ол

Сонымен қатар, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тәртіпті бұзуға болмайтынын айтқан болатын.