Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Ирина Қайратовнаның" концертін өткізуге келіскен RIXOS AKTAU айыппұл арқалады

Қаладан 20 шақырым жердегі теңіз жағасында орналасқан курорттық аймақ тұрғындардың жиналуымен концерт ұйымдастырған.

"Ирина Қайратовнаның" концертін өткізуге келіскен RIXOS AKTAU айыппұл арқалады
Фото: дереккөз

Ақтауда концерт ұйымдастырған RIXOS WATER WORLD демалыс кешені 2 млн 333 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Себебі қаладан 20 шақырым жердегі теңіз жағасында орналасқан курорттық аймақ тұрғындардың жиналуымен концерт ұйымдастырған. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Карантин талабын бұзғаны үшін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен ірі кәсіпкерлік нысан иесіне хаттама толтырылып, түсініктеме алынды. 800 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ақтау қаласындағы Rixos қонақүйінде Қазақстанға танымал «Ирина Кайратовна» тобының қатысуымен концерт өткізілген.