Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Қи ойып, мал сояды": Қарағандыда 10 баланың анасы 45 жыл жылқы бағып жүр

Алла күш-қуат берсе сексенге келгенше ат үстінде отырамын деп ойлаймын.

"Қи ойып, мал сояды": Қарағандыда 10 баланың анасы 45 жыл жылқы бағып жүр
Дереккөз: Qazaqstan телеарнасы

Қарағандыда 45 жылдан бері жылқы бағып жүрген Алтын Мамыраева аттан бірде-бір рет құрамадым дейді. Он баланың анасы бүгінде олардан 18 немере сүйіп, отбасылық шаруа қожалығын өрге сүйреп жүр, деп жазады Paryz.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. 

Көп балалы ананың айтуынша, ол атқа бала күнінен отырған екен. 

"Інім екеуміз жарысатынбыз. Ауылдан шыға 40 шақырымдай жерге дейін шабатынбыз. Сонда алдында мен кететінмін, бауырым артымда қалып қоятын. "Апатай, бірінші кетіп қалдыңыз" деп інім қиқар салып жылайтын. Жалдасымыз екеуміз ауыл-ауылға барамыз, қонаққа шақырады. Екеуміз екі атпен жолға шығамыз. Жолдасым Алтын екеуміз жарысайық деп айтады. Тағы да алдына мен шығып кетем, жұбайым ылғи сен озасың деп намыстанады", - дейді Алтын Мамыраева. 

"Жылқышы ана" үй шаруасымен бірге шөп жинайды, қи ояды, тіпті, малды да сояды. 

"Қолымыз тимей аяқасты қонақтар келіп қалғанда, өзі малды соя салады. Бірақ бірінші ұлдарға бауыздатып ырымын жасайды. Сиырды да жылқыны да жіліктеп сояды. Біз ет дегенге жоламаймыз. Өзі сойып, өзі тұздайды", - дейді жұбайы Нұрлан Отарбаев. 

Алтын Мамыраева бүгінде 10 бала 18 немере тәрбиелеп отыр. Оның перзенттері бүгінде әлемдік аренадан көрініп жүрген белгілі спортшылар. 

"Алла күш-қуат берсе сексенге келгенше ат үстінде отырамын деп ойлаймын. Арғымақтарым аман болсын", - дейді алтын құрсақты ана.