Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қасиетті Рамазан айында бұғы атқан атышулы "Дикий" Арманның басы бәлеге қалды

Қай жағынан алып қарасаң да, Арман да, оның қасындағылар да - қасиетті Рамазан айында сырт көзге өте ерсі көрінетін нәрсе істеді осы жолы.

Қасиетті Рамазан айында бұғы атқан атышулы "Дикий" Арманның басы бәлеге қалды
Дереккөз: Caravan.kz

Танымал журналист Жолымбет Мәкіш атышулы "Дикий" Арманның бұғы атып жатқанын сәтін көріп, оны сынап тастады, деп жазады Paryz.kz.

Журналист оны өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

"Дикий Арманның бұғы атып жатқанын көрдім. Түркиядағы бір қорықта түсірген сияқты. Ондай қорықта кейбір жан-жануардың саны көбейіп кетсе, оларды өстіп атып тастап, азайтып отырады. Кейде оларды құрметті қонақтарға атқызады. Басында Арман ол бұғыны жеу үшін атып жатқан шығар деп ойлағанмын. Бірақ атар кезде арам өлтірмес үшін "Бісміллә" деп те, "Аллаһу әкбар!" деп те айтпады. Егер жеу үшін атқан болса дәл сөйтіп атып, сосын жүгіріп барып тыпырлап жатқан бұғыны бауыздап жіберуі керек еді ғой. Ол өйткен жоқ. Өлгелі жатқан бұғының жанына барды да, "контрольный выстрел" жасағандай қылып тапаншамен басынан екі рет тарс еткізіп атты",-деді ол.

Ол сондай-ақ "Дикий" Арманның не себепті ондай әрекетке барғанын түсінбегенін жеткізді. 

"Біреуге қыр көрсеткені ме, әлде қылмыстық топтардың арасындағы үлкен бір разборка басталғалы жатқанын білдіретін әлдебір емеурін бе, білмеймін. Қасындағылар "Мәшалла, мәшалла!" деп қоштап жатыр оны. Қатты бір мұқтаж болмасаң, шәриғатта жан-жануарды ермек үшін ату – үлкен күнә. Қай жағынан алып қарасаң да, Арман да, оның қасындағылар да - қасиетті Рамазан айында сырт көзге өте ерсі көрінетін нәрсе істеді осы жолы", - деп жазды ол.