Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Депутат Дана Нұржігіт анасының екінші рет тұрмыс құрғанын мойындады

Бір-біріне тірек бола алатынына мен өз басым қатты қуандым.

Депутат Дана Нұржігіт анасының екінші рет тұрмыс құрғанын мойындады
Дереккөз: Instagram/dana_nurzhigit

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт анасының екінші ре тұрмыс құрғанын мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz.

Тележүргізуші «Ең алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатының үзіндісі instagram-дағы парақшалардың бірінде пайда болды. Ол онда анасының екінші рет тұрмыс құрғанын айтып берді.

"Естуімше әкем екі жыл төсегімді таза ұста, одан кейін рұқсатымды бердім деп айтып кетіпті. Бірақ анам оған бармады, біз оған ештеңе айтпадық. Соңғы жылдары жақсы азаматпен бас қосып жатыр, Қанат Құлымжанов деген азамат, атамыз біздің. Ол да өнер адамы, тетарда істеген, 2018 жылы 18 желтоқсан анам қоңырау шалды. 29 желтоқсан туған күнім ғой. Наурызбай ауданында Ардагерлер хорының жетекшісі. Сол хорға анамның барып жүргенін естігенмін. Сол кезде анама ұсыныс жасады",-деді ол.

Ол анасының қазіргі жолдасының бұл әрекетіне разы болып, бағдарлама  барысында алғысын айтты.

"Бұл бір жағынан зиялы адамның қадамы. Бір-бірінің тағдырына құрметпен қараудың, адамгершіліктің көрінісі. Мәдениеттілігінің белгісі деп айтар едім. Біз күтпеген жерден тойға келіппіз. Бір-біріне тірек бола алатынына мен өз басым қатты қуандым. Қанат ағамызға анамыздың өмірін нұрландырып отырғанына көптен-көп рахмет айтамын",-деді ол.