Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қостанайда төрт адамды өлтірген адам өмір бойына түрмеге қамалды

Отырыс соңында үй иесі қылмыскермен сөзге келіп, күдікті оны пышақпен бірнеше жерден жарақаттаған.

Қостанайда төрт адамды өлтірген адам өмір бойына түрмеге қамалды
Дереккөз: 24.kz

Қостанайда екі адамды өлтірген тұрғын, түрмеден шығып тағы екі адамның өмірін қиған. Азамат ауыр қылмыстары үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылда, деп жахады Алау басылымына сілтеме жасаған Paryz.kz.

Ер адам бұған дейін екі адамды өлтіргені үшін 20 жыл түрмеде отырып, былтыр мамыр айында одан шыққан. Ал тағы екі қылмысты ол түрмеден шыққан соң, екі айдан кейін жасаған.

Қылмыскерді танысы ішімдік ішу үшін, 53 жастағы ер адам мен оның 43 жастағы азаматтық некедегі әйелінің үйіне әкелген. Таныстары кеткен соң, ол сол үйде қалған. Отырыс соңында үй иесі қылмыскермен сөзге келіп, күдікті оны пышақпен бірнеше жерден жарақаттаған. Ер адам оқиға орнында қаза табады.

Ол аздай кейін оның әйелін басқа бөлмеге апарып, онымен жыныстық қатынасқа түсіп, жұбайының өлімін жасыру үшін, екінші пышақпен оны да өлтірген.

Марқұмдардың денелерін көршілері тауып алған. Кісі өлтіруге күдікті екі күннен кейін ұсталған. Сараптама оның ақыл-есі дұрыс екенін көрсеткен.

Сот 41 жастағы күдіктіні кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айырған.