Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Жайдарман" жетекшісі жастардың не себепті жаппай шетелге кетіп жатқандығын айтты

Түсіндірме жұмыстары жоқ, жоғарыда басқаша , төменде басқаша ойлайды.

"Жайдарман" жетекшісі жастардың не себепті жаппай шетелге кетіп жатқандығын айтты
Дереккөз: azattyq-ruhy.kz

Белгілі тележүргізуші Есен Елеукен жастардың шетелге кетіп жатқандығын айтып, күйінді. Оның айтуынша қазақ жастарына бүгінде елде лайықты орта жасалмай отыр екен, деп хабарлады Paryz.kz.

Есен Елеукен Qasqa Jol Youtube арнасына берген көлемді сұхбатында, жас буынның шетелге кетуінің басты себебін мәлімдеген. Оның пікірінше бұрындары шетелге еліміздегі өзге ұлттың  жастары кетіп жатса, бүгінде қаракөз қазақ жастары да жаппай жат жұртқа көшетін болған.

"Иә, бұрын шетелге кетіп жатқандардың арасында қаракөздер аз болатын, қазір олай емес. Тілді жетік меңгергендер кетіп жатыр, бұл солай жалғаса да береді. Себебі біз оларға лайықты орта жасай алмай отырмыз",-деді ол.

Сонымен бірге ол бұрынғы және қазіргі жастардың арасында айырмашылық жер мен көктей екенін жеткізді.

"Бұрынғыдан өскен жастар, бұрын ондай болмайтын. Қазіргі жастар шындықты бетіңе айтады. Бір айтсаң басын изеп кетіп қалатын жастар қазір аз.Ой еркіндігі бар, ол жақсы емес пе?",-деді ол.

Есен Елеукеннің сөзінше жас буынға "патриотизм, ел, жер" мәселелерінен бұрын, қоғамдағы жемқорлықты түбірімен жою кереке екен.

"Патриотизм, жер сендердікі, оған ие бол деп жатамыз, не басқасын айтпастан бұрын, әлеуметтік жағдай дұрыс болуы керек. Оның жөнделмей жатқанына не себеп? Жемқорлық! Ең болмаса, төменгі, орта деңгейде жоғалса біраз болса да дамитын едік. Ал жоғары деңгейдегі жемқорлық ол барлық жерде бар. Қысқаша айтқанда түсіндірме жұмыстары жоқ, жоғарыда басқаша , төменде басқаша ойлайды. Екі ортада байланыс жоқ. Мысалы елордада жастар 1-2 курстан кейін жұмысқа тұрып кетеді, ол да дұрыс негізі. Бірақ оқу деп келген соң, оқығандары дұрыс қой. Бірақ өз-өзін асырау үшін, олар жұмысқа тұруға мәжбүр. Тағы да сол әлеуметтік жағдайдың жоқтығынан",-деді ол.

Тележүргізуші телеарналарда қаптап кеткен түрлі бағдарламаларды да сынға алды.

"Біз барымыздан айырылып жатырмыз, ал жұрттар жоғын жоқтап, түгендеп жатыр. Сосын ақпараттық  соғыс, майданда біз көп жағдайда жеңіліп жатамыз. Қазір 4-5 арнада бір-бірімен отырып, ұрысып отыратын «Қалаулым» бағдарламалары шығып кетті ғой.  Менің тәтелерім бар, сол басталды, кейін хабарласшы дейді. Халық әлгіндей бағдарламалардың өтірік екенін білсе де, соны көріп отырады, басқа ештеңе жоқ. Егер ақпараттың барлығы шынайы болса, бүкіл бағдарламалар шындықты жетікзетін болса, халық көретін еді ғой",-деп күйінді ол.