Пандемиядан туындаған талаптарға сай ырым-жоралғыларды шектеуге мәжбүрміз.
Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әкесі Әміролла Сарым қайтыс болды. Бұл туралы депутат өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz.
Белгілі болғандай Әміролла Сарым 70-тен асқан шағында дүниеден өткен.
"Асқартаудай әкеміз, қазақ телевизиясының ардагері Әміролла Саримов дүниеден озды. Пандемиядан туындаған талаптарға сай ырым-жоралғыларды шектеуге мәжбүрміз", - деп жазды ол.
Саясаттанушы көңіл айтып, жұбатып жатқан барлық қазақстандықтарға алғыс айтқан.
Қазақ телевизиясының майталманы Әміролла Сарымды соңғы сапарға Алматыда, сәрсенбі күні шығарады.