Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"ПТР мен екпе салу Оразаны бұза ма?" - имам жауап берді

Екпенің шариғатқа ешқандай қайшылғы жоқ

"ПТР мен екпе салу Оразаны бұза ма?" - имам жауап берді
Дереккөз: Хабар 24

Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салып жатқандар көп. Осыған орай, ораза айында вирусқа екпе алған жөн бе? Алматының бас имамы аталған сауалға жауап берді, деп жазады Stan.kz-ке сілтеме жасаған Paryz.kz.

Онлайн-брифингте көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берген Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай "вирусқа қарсы екпе оразаны бұза ма" деген сауалға да жауап берді.

"Қазір коронавиурс тек біздің елге ғана емес, күллі әлемге қауіп төндіруде. Ғалымдар мен медицина қызметкерлері одан құтылудың жолын іздестіріп жатыр. Дәрігерлер қазір бұл індеттен құтылудың бірден-бір жолы ретінде екпе салуды ұсынып отыр. Өзім дәрігерлерге сенемін. Сондықтан жаппай вакцина алғанымыз дұрыс. Екпенің шариғатқа ешқандай қайшылғы жоқ", - деді Алматы мешітінің бас имамы.

Естеріңізде болса биыл елімізде Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқтақмақ. Ал 13 мамыр Ораза айттың алғашқы күні болады деп күтілуде.