Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Күдебаевтың туыстарын блокбекеттен заңсыз өткізген полицей лауазымды қызметке тағайындалды

Полиция полковнигі Зиадин түрлі басшылық қызметтерде болған және ішкі істер органдарында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

Күдебаевтың туыстарын блокбекеттен заңсыз өткізген полицей лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: дереккөз

2020 жылы  даудаың ортасында қалып, қызметінен босатылған Алматы қаласының қылмыстық полициясының бұрынғы бастығы Жанболат Зиадин Талғар аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды, деп жазады tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған Paryz.kz. 

Ақпаратты Алматы облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Белгілі болғандай, ол бұл лауазымды ақпан айының басында алған, бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды.

"2020 жылдың сәуірінде Зиадин карантиндік режимнің нормаларын бұзғаны үшін Алматы қаласы ДП Криминалдық полиция басқармасының бастығын қызметінен босату түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Еңбек кодексінің 65-бабы, 3-тармағына сәйкес, "әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

Полиция полковнигі Зиадин түрлі басшылық қызметтерде болған және ішкі істер органдарында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

Сонымен бірге, Зиадин Талғар аудандық полиция бөлімінің басшысы лауазымына 2021 жылғы 5 ақпанда тағайындалғанын хабарлаймыз. Бұл қызмет бұрын босатылған қызметінен бір саты төмен ", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

2020 жылдың сәуір айының ортасында әлеуметтік желілерде элиталық көлік мінген бір топ адам бейнеленген видео тараған. Олар тойға бару үшін Алматыдағы блок-бекеттен еш кедергісіз өткен. Видео авторы - оқиғаға қатысушы - видеоны әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында жариялады еді. 

Көп ұзамай желіде "бақылау бекетінен өткен арсыз жүргізушілер - Алматы облысы ДП басшысының туыстары" деген ақпарат тарай бастаған. Олар Алматыға Күдебаевтың немересінің шілдеханасына барған-мыс. Полиция бұл ақпаратты шындыққа жанаспайтын деп атады.

Кейін жиынға Жанболат Зиадиннің де қатысқаны белгілі болды. 21 сәуірде Ішкі істер министрлігі Зиадиннің қызметінен босатылғаны туралы хабарлаған.