Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Танымал генетик ғалым "шала қазақтар" руына кімдер жататынын айтты (ВИДЕО)

Олардың арасында орысша сөйлемейтін, тіпті бір ауыз орысша сөз білмейтін қазақтарды кездестіруге болады.

Танымал генетик ғалым "шала қазақтар" руына кімдер жататынын айтты (ВИДЕО)
Дереккөз: aikyn.kz

Отандық тарихшы Жақсылық Сәбитов қазақ руларының арасында "шала қазақ" руы бар екенін мәлімдеді, деп хабарлады Paryz.kz.

Зерттеуші бұл ойын өзінің Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

"Шала қазақтар" деген ру бар. Оны біздің ғалым Жанаев зерттеген болатын. Олар қазақтар арасында өмір сүріп, бізге сіңіп кеткен татар моллалары немесе Ресей империясына барғысы келмеген татар солдаттары, не Шығыс Қазақстан территориясына Тәжікстан, Өзбекстаннан келген сарттар тұқымдары. Олар қазақ қыздарына үйленіп, осылайша қазақ халқына сіңісіп кетеді",-деді тарихшы.

Тарихшының пікірінше, бір қызығы мұндай қазақтардың арасында орыс тілін білмейтін азаматтар да болады екен.

"Қызық әрине, бірақ олардың арасында орысша сөйлемейтін, тіпті бір ауыз орысша сөз білмейтін қазақтарды кездестіруге болады",-деп күлді тарихшы.