Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Пайғамбар ұрпағы": Тарихшы қазақтың қожа руы туралы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

Ал қожалар Пайғамбардың ұрпағы ма деген сұраққа келер болсам, негізі ол әйел жақтан болуы мүмкін.

"Пайғамбар ұрпағы": Тарихшы қазақтың қожа руы туралы бар шындықты айтты (ВИДЕО)
Дереккөз: zharar.com

Белгілі тарихшы, генеалог  пен генетик-ғалым Мақсат Жабағин қазақтың қожа руы туралы бұрын-соңды естімеген қызық болжамдармен бөлісті. Qasqa Jol Youtube арнасына сұхбат берген олар, қожа руының шығу тарихы арыда жатқанын жеткізді, деп жазады Paryz.kz.

Генетик ғалымдардың айтуынша қазақтың қожа руы Арабия елдерінде пайда болған екен. 

"Арабия елдерінің көбінде J1 тобы негізгі болуы тиіс. Бірақ оларда ондай емес. Егер осы топтардың негізін қалаушылардың жасын есептесек, шамамен 600-650 жыл болады. Және бұл топ басшылары өздерінің жанына шәкірттер жинаған. Олардың бірі мысалы биологиялық тұрғыда жақын болса, кейбірі жергілікті халықтың өкілдері болды. Бұл тізбек Қазақстанға жеткенше, яғни елде ислам діні негізгі дін қатарына енгенде, осы миссионерлер тобы қандай да бір әлеуметтік мәртебеге ие болды. Солай бір-бірінен генетикалық тұрғыда жақын емес, бірақ рухани тұрғыда жақын топтар пайда бола бастады. Міне солардың бірі – қожа тайпасы",-деді генетик ғалым Мақсат Жабағин.

Қожа руының қалай ақсүйек руға айналғаны туралы болжамды тарихшы, генеалог Жақсылық Сәбитов та айтып берді.

"Наймандардың ұрпағы 15 ғасырда қожадан қыз алған. Сосын 1-1,5 ғасырдан кейін Сейітқожаға Жалаңтөс баһадүр келіп, қыз алмақ болады. Бұл адам өте беделді, Бұхар хандығындағы екінші адаммен тең тұлға болды. Ол сол кездің олигархы болды десек те артық айтқанымыз емес. Бірақ Сейітқожа "қыз бермейміз, себебі сен қарасүйексің" деген. Ал "бір ғасыр бұрын найманға қалай қыз бердіңіздер?" дегенге, бұл бір ғасыр бұрын болған. Қазір олай емес деген. Бұдан нені көруімізге болады? Олар айналдырған бір ғасырдың ішінде өздерінің қоғамдағы орнын, мәртебелерін өзгерткен",-деп айтты ол.

Сонымен бірге тарихшы қожалар Пайғамбар тарады деген болжамға қатысты да өз ойымен бөлісті. 

"Ал қожалар Пайғамбардың ұрпағы ма деген сұраққа келер болсам, негізі ол әйел жақтан болуы мүмкін. Бірақ біз генетикалық тұрғыда әйелдердің ұрым-бұтағына мән бермейміз. Сосын Жалаңтөстен кейін Бұхар ханы келіп қыз сұраған. Оған да қыз бермеген, бірақ ол Сейітқожаның басын алып, оның қызына күштеп үйленеді. Бірақ оның балалары қожаның ұрпақтары болып есептелген. Демек қожа руы әйелі арқылы беріліп тұр",-деді тарихшы.