Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Арғындардың" Шымкенттен шыққаны рас па? - белгілі тарихшы жауап берді (ВИДЕО)

Мен кейде тіпті арғын достарыммен әзілдесемін, сендер шымкенттіктерді әзілдейсіңдер, бірақ негізі өздерің олардан 3 ғасыр бұрын келген шымкенттіксіңдер деп айтамын.

"Арғындардың" Шымкенттен шыққаны рас па? - белгілі тарихшы жауап берді (ВИДЕО)
Дереккөз: zharar.com

Белгілі тарихшы, генеалог Жақсылық Сәбитов қазақтың арғын руының шығу тарихына қатысты өз болжамымен бөлісті. Оның айтуынша, арғындардың шығу тегіне қатысты үш болжам бар. Qasqa Jol Youtube каналына сұхбат берген ол, қазақ шежіресі жайлы да ойларымен бөлісті деп жазады Paryz.kz

Тарихшының сөзінше, негізінен арғын руының шығуына қатысты үш нұсқа бар екен. Алайда, олар Мәскеудің мемлекеттік университетінің хабаршысына шыққан мақалаларында олардың онын жоққа шығарып, негізгі үш нұсқа барын дәлелдеп берген.

"Олардың біріншісі Тараз жанында тұрған «аргу» тайпасынан арғындар тарайды деген нұсқа бар. Бұл Махмұд Қашғари заманы, оны тіпті Аргу-Талас деп те атайтын. Бұл болжамға да сенуге болады. Екінші нұсқа ол арғын деп аталатыны олар – моғолстандық тайпа «аргинуттардың» жиені деген нұсқа бар. Бұл нұсқа бойынша олардың аталары Аргинут Ташкентті басқарған...Үшінші нұсқа ол «Арғын» ол адамның есімі болуы мүмкін, содан осы ру тараған деседі. Мүмкін басқа да нұсқалар бар шығар. Бірақ осыларды негізгі деп айтар едім",-дейді тарихшы.

Сондай-ақ ол тарихи картадан арғындардың қай жерлерде тұрақтағанын айтып берді.

"Сарыағаш, Жетісай жақта болған. Яғни олар шымкенттіктер сияқты оңтүстікте тұрады, тіпті олардан да асып түседі. Бұл шамамен 17 ғасырдын басы болуы ықтимал... Мен кейде тіпті арғын достарыммен әзілдесемін, сендер шымкенттіктерді әзілдейсіңдер, бірақ негізі өздерің олардан 3 ғасыр бұрын келген шымкенттіксіңдер деп айтамын",-деп күлді тарихшы.