Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Оралдық тұрғындар зәрін бөтелкеге құйып, далаға лақтырып жатыр

Терезеден "лимонады" бар бөтелкелер лақтырылады да жатады, әр қыстан кейін осындай жағдай.

Оралдық тұрғындар зәрін бөтелкеге құйып, далаға лақтырып жатыр
Дереккөз: mgorod.kz

Оралда Хамид Чурин көшесінің бойындағы көп қабатты жатақхана тұрғындары зәрін бөтелкеге құйып, далаға лақтырып жатыр. Жатақхана маңындағы көп қабатты үйлердің тұрғындары мұндай "лимонады бар" бөтелкелерден шаршадық, тұрғындарды жауапкершілікке тарту керек дейді, Бұл туралы "Мой город" басылымы жазады.

Жатақхана тұрғындарының бұл әрекетіне наразы болған қала тұрғындары зәрге толы бөтелкелердің суретін әлеуметтік желіге жүктеген. Олардың айтуынша, жатақхана тұрғындарының барлығына осы маңдағы қоқыс пен бөтелкелерді жинатқызу керек екен.

"Оларды тіпті қоқыс маңына көшірсе де қарсы емеспіз, бұлай жасауға қалайша дәттері барады?",-дейді тұрғындар.

Жатақханағы азаматтардың бұл "тірлігінен" әкімдік те хабардар. Олар тұрғындарға қанша рет түсіндіру жұмыстары жүргізілсе де, "баяғы жартас, сол жартас" дейді.

"Терезеден "лимонады" бар бөтелкелер лақтырылады да жатады, әр қыстан кейін осындай жағдай. Айта кетерлігі, олардың жанында тірек пункті бар. Полицейлер енді оларды жауапкершілікке тартатын болады. Сондай-ақ бұл үйдің тұрғындары коммуналдық қызмет үшін де 5 миллион теңге қарыз. Олар үй маңы мен өздері тұрып жатқан жерді таза ұстауға ниетті емес",-дейді қала әкімінің орынбасары Мирас Мұлқай.