Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Келіншек 6,5 келі боп туған ұлының жағдайымен бөлісті

Оның айтуынша, медбикелер оған педиатрия бөлімінен алған киім мен жаялықты кигізген.

Келіншек 6,5 келі боп туған ұлының жағдайымен бөлісті
Фото: дереккөз

Анасы 6,5 келі болып туған ұлы туралы айтып берді. Дәрігерлер алып баланы көріп қатты таңғалғандарын айтты. Алып бала - бүгінде 5 жаста. 

Анасы ерекше туылған нәресте туралы желі оқырмандарын айтып береді.

TikTok қолданушысы аурухананың қызметкерлерін таңғалдырған Джи есімді екінші ұлы қалай өмірге келгені туралы айтты.

Алып бала жүктіліктің 38-апталығында кесарь тілігі арқылы өмірге келді. Өйткені баланың салмағы 6,5 кило мен 60 сантиметр болатын. Екі дәрігер операция жасады. Бала орташа туған нәрестеден екі есе үлкен еді.

Анасының айтуы бойынша, туғаннан кейін нәресте екі аптаға жуық интенсивті терапия бөлімінде болған, онда ол ең үлкен бала болды.

«Интенсивті терапия бөлімінде оған тура келетін жаялықтар мен киім болған жоқ», - дейді баланың анасы.

Оның айтуынша, медбикелер оған педиатрия бөлімінен алған киім мен жаялықты кигізген. Сәби алты-тоғыз айлық сәбилерге арналған киіммен үйге шығарылыпты.

Бүгінде алып бала - 5 жаста. Анасының айтуынша, футбол мен баскетболды жақсы көреді. Қырсық мінезді болып өсіп жатыр.