Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Он қыз, төрт ұл": Алматы облысында батыр ана он төртінші сәбиін дүниеге әкелді

Денсаулығым жетсе, бала туудан қашпаймын.

"Он қыз, төрт ұл": Алматы облысында батыр ана он төртінші сәбиін дүниеге әкелді
Дереккөз: aikyn.kz

Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғыны, батыр ана Гүлнәз Жеңісбайқызы он төртінші баласын дүниеге әкелді, деп жазады Айқын газетіне сілтеме жасаған Paryz.kz.

Сәдуақасовтар шаңырағындағы он төртінші сәбидің дүниеге келуімен аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев құттықтап, 2019 жылы көпбалалы отбасыға баспана берген болатын.

27 жыл бірге отасқан Сәрсенбай Садуақасов пен Гүлназ Жеңісбайқызы бүгінде бүгінде 10 қыз 4 ұл тәрбиелеп, 3 немере сүйіп отыр.

"Өмірдің мәні де, сәні де – бала. Денсаулығым жетсе, бала туудан қашпаймын. Қазақ "баланы жастан" дегенді бекер айтпаған. Үлкен қызым мұғалім. "Алдыңғы арба қайда барса, соңғы арба сонда жүреді" дейді, сондықтан алдыңғы ұл-қыздарды жақсы тәрбиелесең, соңғылары соларға еліктеп, үлгі етіп өседі екен", – дейді Гүлнәз Жеңісбайқызы.