Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қызылорда облысында үш жыл бойы ұшты-күйлі жоғалып кеткен ер адам табылды

2018 жылы 48 жастағы  жоғалған ер азаматтың туыстары полицияға хабар беріп, оны іздеу жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасқан.

Қызылорда облысында үш жыл бойы ұшты-күйлі жоғалып кеткен ер адам табылды
Дереккөз: stan.kz

Қызылорда облысында 2018 жылдан бері іс-түссіз жоғалып кеткен ер адамды тапты. Полиция берген мәліметке сәйкес, ол Түркістан қаласында болған, деп хабарлады Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

2018 жылы 48 жастағы  жоғалған ер азаматтың туыстары полицияға хабар беріп, оны іздеу жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасқан.

"Аталған дерек бойынша сол уақытта іздестіру ісі арналып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қармақшы аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілдерімен жүргізілген тынымсыз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кеше, яғни 6 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен азамат Түркістан облысы, Түркістан қаласында вокзал маңында жүрген жерінен табылды",-дейді поиция өкілдері.

Бүгінгі күні ер адам полиция өкілдерімен туған інісіне тапсырылды.

Басылымның мәліметінше, ер азамат жүйке ауруымен ауыратын болып шыққан. Науқас адам бұған дейін де үйінен кетіп қалып жүрген. Сұрастыру барысында, ер адам үш жыл бойы Алматы қаласында болғанын, онда мал бағып, күн көргенін айтқан.