Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Үй іші суға толып кетті": Нұр-Сұлтан түбіндегі ауылды су басып қалды

Жалпы биыл 2015 және 2017 жылдардағыдай ауқымды су тасқыны мен табиғи сипаттағы су тасқыны күтілмейді.

"Үй іші суға толып кетті": Нұр-Сұлтан түбіндегі ауылды су басып қалды
Дереккөз: stan.kz

Елорда іргесіндегі Қоянды ауылында оннан астам үй су астында қалды. Тұрғындар топан су түн ішінде үйге кірді дейді. Бұл туралы Paryz.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Тұрғындардың айтуынша құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап үлгергенімен, жиһаз бен тұрмыстық техника су астында қалған.

"Жиһаз бен тұрмыстық техника бірнеше минут ішінде батып кетті, олар ештеңені қорғап қала алмады",-дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Сонымен бірге олар су түнгі 12 жарымдарда үйге кіре бастағанын айтқан.

"Түнгі он екі жарым шамасында бір жерде үй жарыла бастады. Біз ас үйде отырдық, сол жерде еден толығымен көтеріліп, астына су шашырады. Шамамен 15 минуттың ішінде барлық үйді басып қалды",-дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Ауыл тұрғындары Қояндыда ондаған үй су астында қалды дейді.

"Таңертең оянсақ, үй іші суға толы. Көрші үйлердегі адамдар таңғы сағат төртте эвакуацияланды. Қалай қорықпауға болады? Үйдегі балалар, үйдегі мүліктер. Қайда барамыз?", - деді Қоянды ауылының тұрғыны Бейбіт Батыров.

Биылғы көктемдегі елдімекендерді су басу қаупіне қатысты құзырлы органдардың өз болжамы бар. Олар елде 2015-2017 жылдардағыдай су тасқыны болмайды деп сендіріп отыр.

"Жалпы биыл 2015 және 2017 жылдардағыдай ауқымды су тасқыны мен табиғи сипаттағы су тасқыны күтілмейді. Ауа райы жағдайлары күрт өзгерген жағдайда, атап айтқанда температуралық фон күрт көтеріліп, жауын-шашын көп түсетін болса,су басу мүмкін", - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов.