Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Тоқаев медицина қызметкерлеріне алғыс айтты

ҚР Президенті былтырдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейгенін, биылдан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы өскенін айтты.

Тоқаев медицина қызметкерлеріне алғыс айтты
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық күніне байланысты Twitter желісінде жазба қалдырды.

«Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы – адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр», - деп жазды.

ҚР Президенті былтырдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейгенін, биылдан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы өскенін айтты.

«Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі - жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін», - деді Президент.

Дүниежүзілік денсаулық күні - Дүниежүзілік денсаулық ұйымының құрылған күнінен бастап аталып келеді. Оның жарғысы 1948 жылы 7 сәуірде қабылданған. 1948 жылдан бері ДДҰ-ға әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті мүше. Бұл күнді атап өту 1950 жылдан бастап дәстүрге айналған.