Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Нұр-Сұлтанда білім басқармасындағы жемқорлыққа қатысты шуға әкімдік жауап берді

Білім басқармасындағы шуға қатысты әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева Дулат Шоғанбайдың өз орнында екенін, сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылық орын алмағанын жеткізді.

Нұр-Сұлтанда білім басқармасындағы жемқорлыққа қатысты шуға әкімдік жауап берді
Дереккөз: kapital.kz

Елордада қалалық әкімдіктің білім басқармасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты шуға қатысты әкімдіктің өз айтары бар. Ондағылар білім басқармасының орынбасары Дулат Шоғанбай әлі де жұмыс орнында екенін мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Білім басқармасындағы шуға қатысты әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева Дулат Шоғанбайдың өз орнында екенін, сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылық орын алмағанын жеткізді:  

"Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Шоғанбай жұмыс орнында. Иә, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркелді. Алайда ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 15 наурыздағы аудиторлық есебі бойынша компьютерлер мен ноутбуктардың баға түзіліміне қатысты заң бұзушылық, сондай-ақ сыбайластық әрекет те анықталмады",-деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін желіде білім басқармасы басшыларының жемқорлық әрекеттеріне қатысты сот алды тергеу шаралары жүріп жатыр деген ақпарат тараған еді.

Сол сияқты күні кеше ғана ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов оқиғаны растаған еді.