Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматы облысында екі ер адам әйелді өз үйінде зорлап, оқиға орнынан қашып кеткен

Сот жәбірленуші тарапты қолдап, олардың бірін 9,6, екіншісін 10 жылға соттады

Алматы облысында екі ер адам әйелді өз үйінде зорлап, оқиға орнынан қашып кеткен
Дереккөз: newtimes.kz

"НеМолчиKZ" қорының басшысы Дина Смаилова Алматы облысында екі ер азаматтың әйел адамды зорлап, оқиға орнына қашып кеткен оқиғаның немен аяқталғанын жариялады. Қоғам белсендісі қылмыскерлердің 9-10 жылға сотталғанын мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Қор басшысының айтуынша жәбір көрген әйел адам оған былтырғы жылдың желтоқсан айында шағымданған. Ол өткен жылдың қазан айының 6-сында екі ер адам оны зорлап кеткенін баяндаған.

 "Олар түнде әйел адамның үйіне кіріп кеткен. Сосын оны ұйықтап жатқан жерінен қылқындыра бастаған. Оған қоймай арам ойларын іске асырып, зорлап кеткен... Әйел адам өзін қорғаймын деп, ерлерді жеңіл жарақаттағанда, олар оны басқа бөлмеге қорқытып, қамап тастаған. Сол кезде әйел адам терезе арқылы далаға шығып, қораға тығылып үлгерген. Ер азаматтар оны таба алмай, оқиға орнына қашып кеткен",-деп жазған ол.

Дина Смаилованың айтуынша зәбір көрген әйел адам жақын туысының үйіне барып, полицияға арыз жазған.

"Әйелдің денесінде үлкен гематомалар болды. Сондай-ақ оның зорланғаны да дәлелденді. Әрине сотталушылардың адвокаттары да ерлерді ақтап әлек болды. Адвокат тіпті әйелді оларға пышақ жарақатын салды деп, кінәлі етіп шығармақшы болды. Алайда сот жәбірленуші тарапты қолдап, қылмыскерлердің бірін 9,6, екіншісін 10 жылға соттады",-деп жазған ол.