Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Павлодар облысында кәмелетке толмаған қыздар интимдік қызмет көрсеткен

Ол интернет ресурстарда интимдік қызмет көрсету туралы хабарландырулар жариялаған.

Павлодар облысында кәмелетке толмаған қыздар интимдік қызмет көрсеткен
Дереккөз: trk7.ru

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың нәтижелері бойынша өткен брифингте тағы да басқа жаға ұстатарлық жағдайлар белгілі болды, деп хабарлады Paryz.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Павлодар облысының тұрғыны ересек және кәмелетке толмаған қыздарды алдау және бопсалау жолымен жезөкшелікке тартқан. Бүгінде  оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

"Ол интернет-ресурстарда интимдік қызмет көрсету туралы хабарландырулар жариялаған. Шығыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының басшысы Семей қаласының 65 жастағы тұрғынын еңбекке мәжбүрлеген. Әйеге шаруашылық бойынша жұмыс ұсынып, келген кезде мал бақытырп қойған.

Жәбірленуші фермадан қашуға тырысқан, бірақ ол елді мекеннен 40 шақырым жерде орналасқандықтан, оны қайта алып келіп, қол жұмсаған. Қылмыстық іс Кодекстің 128-бабы бойынша қозғалды. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге көмек көрсетілуде»,-деді құзырлы орган өкілдері.

Сол сияқты БҚО-да шаруа қожалығы басшысы 8 ай бойы 32 жастағы Өзбекстан азаматын бас бостандығынан айырып, қосалқы еңбекке мәжбүрлеген.

"Әйел адам күніне 12 сағат жұмыс істеп, жұмысшыларға тамақ дайындап, мал баққан",-деді жауапты мекеме өкілдері.