Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Футболшы кезекті матч кезінде көз жұмды

Бапкер мен дәрігер жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсетті.

Футболшы кезекті матч кезінде көз жұмды
Фото: дереккөз

Ресейлік "Знамя труда" жастар клубының футболшысы Никита Сидоров кезекті матч кезінде қайтыс болды.

"Жастар командасының негізгі матчы кезінде Никитаның жағдайы күрт нашарлап кетті. Дәрігерлер 18 жастағы футболшыны құтқара алмады", – делінген клубтың ресми хабарламасында.

360 телеарнасының мәліметіне сәйкес, Никита екінші таймда алаңға шығып, бес-ақ минут ойнаған. Одан кейін кенеттен жерге құлады. Бапкер мен дәрігер жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсетті.

Кейіннен жедел жәрдем де келді. Алайда, дәрігерлер жас ойыншыны ажалдан арашалай алмады. Никитаның қайтыс болғанын әкесі де көрген. Сол кезде ол трибунада отырған.

Спортшының неден қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Қазіргі кезде медициналық сараптамалар тағайындалды. Дәрігерлердің болжамы бойынша жас футболшыда аневризм (қан тамырларының кеңеюі) болған.