Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматы облысында мас күйінде көлік жүргізушісі қаққан төрт оқушының екіншісі де көз жұмды

Басылымның мәліметінше ол кеше кешкі сағат 21:00-де қайтыс болған.

Алматы облысында мас күйінде көлік жүргізушісі қаққан төрт оқушының екіншісі де көз жұмды
Дереккөз: azattyq-ruhy.kz

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы мас күйінде көлік жүргізген жүргізушінің кесірінен апатқа ұшыраған оқушылардың тағы біреуі көз жұмғанын хабарлады, деп хабарлады Paryz.kz. NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше ол кеше кешкі сағат 21:00-де қайтыс болған. Оқушының жасы небары 8-де болған. Айта кетерлігі қыз бала бұған дейін жансақтау бөліміде жатқан еді. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр деп бағалаған-ды.

Естеріңізде болса жантүршігерлік жағдай Алматы облысы Қорам батыр ауылында 2 наурыз күні болған еді. Көлікке мас күйінде отырған ауыл тұрғыны жол жиегінде тұрған 4 оқушыны қағып кеткен-ді. Балалар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын. Бүгінде көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторында, қамауда отыр.