Ер адам ауруханада электрик болып жұмыс істеген.
Өскемендегі ана мен бала орталығында жантүршігерлік қайғылы оқиға болды. Медициналық мекеменің қызметкері лифтке қысылып қалды, деп жазды Noks.kz.
Ер адам ауруханада электрик болып жұмыс істеген. Лифтке кірген сәтте есік тарс жабылып, оны қысып тастады.
"Ол қысылып қалып, лифт бірінші және екінші қабаттың арасында тоқтады. Біз қызмет көрсететін компанияға шағым жібердік", - деп хабарлады мекеме басшысы Ермек Омарбеков.
Ол істі Шығыс Қазақстан облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің комиссиясы тексеріп жатқанын айтты. Қайғылы жағдай өндірістегі жазатайым оқиға ретінде қарастырылады.