Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Атырауда жекпе-жектен Қазақстан чемпионы қылмыстық топ құрып, саудагерлерді бопсалап келген

Басылымның мәліметінше қылмыстық топ басшысы Қазақстанның жекпе-жек, каратэ, самбо, джи-джитсу және панкратионнан чемпионы болған.

Атырауда жекпе-жектен Қазақстан чемпионы қылмыстық топ құрып, саудагерлерді бопсалап келген
Дереккөз: azh.kz

Атырау облысы Қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған аудандық соты базар сатушыларын қорқытып, ақша алған бұрынғы спортшыларға қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Paryz.kz "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасап.

Сотта бұрынғы спортшылардың 2012 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ құрғандары белгілі болды. Олар Түркістан облысындағы "Дина" және "Көктем" базарларының саудагерлерінен 8 жыл бойы "күндік" табыстарын жинап отырған. Аталған талапқа көнбеген жағдайда олар саудагерлерге "тауарларын өртейміз, өздерін ұрып-соғып, өлтіреміз" деп қорқытқан.

Нәтижесінде сотталушылардың кінәсі толығымен дәлелденді. Олар өз кінәларын мойындап, өкінетіндерін жеткізген. Сот топтағы 33 жастағы қылмыстық топ басшысын 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырса, қалған екеуін 7 жылға түрмеге тоғыту туралы үкім шығарған.

Басылымның мәліметінше қылмыстық топ басшысы Қазақстанның жекпе-жек, каратэ, самбо, джи-джитсу және панкратионнан чемпионы болған. Ол тіпті ел намысын түрлі халықаралық жарыстарға қорғаған.

Естеріңізге сала кетейік, ҰҚК 2020 жылы аталған қылмыстық топты құрықтағанын хабарлаған еді.