Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қостанай облысында 100-ге жуық елдімекенді су басып қалуы мүмкін

Қостанай облысында 100-ге жуық елдімекенді су басып қалуы мүмкін
Дереккөз: Informburo.kz

Қостанай облысында бірқатар елдімекендерді су басып қалуы мүмкін. Бүгіннің өзінде өңірде мұндай 95 елдімекен бар дейді. Бұл туралы Paryz.kz alau.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысындағы су басу қаупін алдын алу шаралары жөнінде өңірдің ТЖД басшысы Біржан Кәрімов мәлімдеді. Оның айтуынша биылғы жылы жауған қардың нормасы жылдағыдан 8 сантиметрге артық екен.

"Ең пессимистік сценарий жайлы айтар болсақ, өңірдің бірнеше елдімекенін 2016-2017 жылдары орын алған су басу қаупі бар. Мұндай елдкімекеннің саны облыс бойынша 95-ті құрап отыр",-деді маман.

Сонымен бірге өзендердегі мұз қалыңдығы да жылдағы шамадан артық болып тұр. Бүгінде облыстың 7 ауданындағы ауылдарда өзен суы арнасынан асып кетуі мүмкін дейді мамандар.  

"Қазір Жоғары Тобыл су қоймасы 41%-ға, Қаратамар – 61%-ға және Желқуар су қоймайсы – 23%-ға толып тұр. Бұл жағдайлар да өңірді су басу қаупін төндіруі мүмкін",-деді облыстық ТЖД өкілдері.