Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Павлодарда 53 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бұдан бөлек сот қылмыскерден жәбір көрген отбасыға моральдік әрі материалдық шығынды өтеп беруді талап еткен болатын.

Павлодарда 53 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Дереккөз: obzor.io

Павлодарда 2000 жылдардың басынан бастап алғаш рет азаматты өмір бойына бас бостандығынан айыру дерегі тіркелді. Бұл туралы өңірдің облыстық сотының баспасөз қызметі жетекшісі Маржан Құрманғалиева мәлімдеді, деп хабарлады Paryz.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Құзырлы орган өкілінің айтуынша сот бұған дейін шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырған.

"Павлодар облыстық қылмыстық істер бойынша сот алқасының шешімімен 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап Қылмыстық істер жөніндегі Арнайы мамандандырылған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылады",-деп мәлімдеді ол.

Естеріңізде болса, сот бұған дейін мұндай үкімді Ақсу қаласының 53 жастағы педофиліне қатысты шығарған еді. Бұдан бөлек сот қылмыскерден жәбір көрген отбасыға моральдік әрі материалдық шығынды өтеп беруді талап еткен болатын.