Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақстанда 25 педофилге химиялық кастрация жасалды

2020 жылы кәмелет жасына толмағандарға жыныстық қол сұғушылыққа қатысты қылмыс көрсеткіші 4,8%-ға артқан.

Қазақстанда 25 педофилге химиялық кастрация жасалды
Дереккөз: Tengrinews.kz

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары ОКҚ-де өткен брифингте биылғы жылдың басынан бастап 25 педофилге химиялық кастрация жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ведомство өкілі өз кезегінде балалардың құқықтарын қорғау саласында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығымен таныстырған. Оның айтуынша, 2020 жылы кәмелет жасына толмағандарға жыныстық қол сұғушылыққа қатысты қылмыс көрсеткіші 4,8%-ға артқан. Олардың 20%-ы денсаулық сақтау саласы мамандарының кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыздардың жүкті болуына қатысты деректерін тексеру барысында анықталған.

"Қазіргі таңда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 25 сотталушыға сот үкімімен химиялық кастрация сияқты мәжбүрлі сипаттағы медициналық шаралар қолданылған",-деді ол.