Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

ШҚО-да әйел киімін киген ер адам шағын несие беру ұйымын тонап кетті

Күдікті кеңсені тонауды ұзақ уақыт жоспарлап жүрген.

ШҚО-да әйел киімін киген ер адам шағын несие беру ұйымын тонап кетті

Шығыс Қазақстан облысында әйел киімін киген ер адам шағын несие беретін кеңсені тонап кетті, деп хабарлады paryz.kz, аймақтық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі оқиғаның 21 наурызда Риддерде болғанын хабарлады. Сағат 11.30 шамасында кезекші бөлімге қала тұрғынынан қоңырау түскен. Ол шағын несие беретін ұйымдардың бірінің кеңсесін тонап кеткенін жеткізген. Сонымен қатар, жәбірленуші күдікті қомақты ақша ұрлап кеткенін және оның әйел екенін хабарлаған.

"Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері жіберілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаскүнемнің жақын маңдағы тұрғын үй ауласына жасырынғанын байқаған. Күдікті "әйел" бір сағат ішінде ұсталды. Оның бұрын ауыр қылмысы үшін сотталған 45 жастағы ер адам екені анықталды", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Күдікті кеңсені тонауды ұзақ уақыт жоспарлап жүрген. Ол Риддердегі базарлардың бірінде орналасқан. 

"Ер адам әйелдердің сырт киімін, өкшесі бар ақ етік киіп, жасанды шаш тағып, бет-әлпетін медициналық маскамен жасырған. Кеңсеге қару тәрізді затпен кірген. Менеджерді қорқытып, қомақты қаржыны алып кеткен", - деп толықтырды полиция қызметкері.

Қазіргі уақытта анықталған факті бойынша ҚК-нің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.