Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматыда мопедпен келе жатқан жолаушыны көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Полицейлер аталған фактіге байланысты жүргізілетін тергеу аясында бірнеше сараптама тағайындалғанын атап өтті.

Алматыда мопедпен келе жатқан жолаушыны көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Алматы полициясы қала орталығында мопед пен шетелдік көліктің соқтығысуына қатысты тергеуді бастады. Ал жол апатынан мопедпен келе жатқан жолаушы көз жұмды.

Жол апаты 28 наурызда Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында болған.

"Мопед жүргізушісі қызыл шамға қарамай, Абай даңғылымен жоғары жылдамдықпен Байтұрсынов көшесін қиып өтуге тырысқан. Салдарынан өз жолымен келе жатқан Toyota RAV4 көлігімен соқтығысты", – деп хабарлады полиция департаменті.

Желіде жол апатына куә болған өзге көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған видеосы пайда болды.

Кадрда мопедтің жоғары жылдамдықпен келіп, көлікке соғылғаны және адамның бірнеше рет айналып асфальт үстіне құлаған сәті анық көрінеді. 

Оқиғадан зардап шеккен адамдар жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Алайда, кейінірек мопед жолаушысының қайтыс болғаны анықталды.

"Иә, жас жігіт ауруханада қайтыс болды. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.

Полицейлер аталған фактіге байланысты жүргізілетін тергеу аясында бірнеше сараптама тағайындалғанын атап өтті.