Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Полиция Алматыдағы базар автотұрағында болған төбелесті тексеруде (ВИДЕО)

Кейін жанжалға тағы бірнеше адам қосылған. Олар көліктің алдына орындық, үстел тәрізді заттар қойып, тұрақтан шығып кетуіне кедергі келтірген...

Полиция Алматыдағы базар автотұрағында болған төбелесті тексеруде (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Алматы базарларының бірінде болған жанжалдың видеосы тарады. Онда белгілі болғандай, базар тұрағына көлігін қоймақ болған жүргізушіге бірнеше адам шабуыл жасаған, деп хабарлады paryz.kz.

"Көлікті тұраққа қою үшін ақы төлеу керек. Бірақ қолымызда ұсақ тиын болмады. 20 мың теңгелік купюраны ұсынып, ақшаны Kaspi-ге аударуға бола ма сұрадық", - дейді видео авторы.

Бірақ ер адам бұл ұсынысқа келіспей, "бұл жерден тайып тұр" деген. Кейін жүргізуші көлікті тұраққа қойып, базар ішінен ақшасын алмастырып келуді ұсынған және сол үшін тұраққа өткен. Осы сәтте жанжал басталған.

"Тұраққа өткенімізде ол көлікті ұрып, артымыздан келді. Көліктен түскенде қоқан-лоққы көрсетіп, пышақ алып шықты. Сол сәтте жұдырықпен ұрған еді, талып қалды", - делінген видео сипаттамасында.

Кейін жанжалға тағы бірнеше адам қосылған. Олар көліктің алдына орындық, үстел тәрізді заттар қойып, тұрақтан шығып кетуіне кедергі келтірген.

Жергілікті полиция департаменті бұл факті бойынша ешқандай арыз-шағым түспегенін хабарлады.

"Факті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның барлық себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ оған қатысушылардың барлығы анықталады", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.