Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Сенаторлар жас жұбайлардың отбасылық курстан өткенін жөн санайды

Палата депутаттары қоғамда ажырасу жағдайы жиілеп кеткенін айтады. Сондықтан өзекті жайтты заңнамалық тұрғыда реттеуді ұсынып отыр.

Сенаторлар жас жұбайлардың отбасылық курстан өткенін жөн санайды

Шаңырақ көтеруді көздеген жас жұбайлар арнайы отбасылық курстан өтуі мүмкін. Мұндай бастама бүгін Сенат отырысында көтерілді, деп хабарлады paryz.kz.

Палата депутаттары қоғамда ажырасу жағдайы жиілеп кеткенін айтады. Сондықтан өзекті жайтты заңнамалық тұрғыда реттеуді ұсынып отыр. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген отаншыл ұрпақ тәрбиелеу де маңызды.

Отбасы институтын дамыту мақсатында Әділет министрлігіне жаңа некелерді тіркемес бұрын отбасылық, психологиялық, тұрмыстық кеңес беру ұсынылады. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын курс жүргізу де – маңызды бастамалардың бірі.