Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматыдағы инфекциялық аурухана COVID-19-бен ауырған науқастарды қабылдауға дайын ба? (ВИДЕО)

Басқарма мәліметіне сәйкес, бұл медициналық мекемеде 500 төсек-орын бар.

Алматыдағы инфекциялық аурухана COVID-19-бен ауырған науқастарды қабылдауға дайын ба? (ВИДЕО)
Фото: дереккөз

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдейтін И.С.Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының видеосын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видео мен суреттерді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынды. Ол жерден бос палаталарды, дәліздерді, жансақтау және қабылдау бөлмесін көруге болады.

Басқарма мәліметіне сәйкес, бұл медициналық мекемеде 500 төсек-орын бар. Жалпы, қалада төсек-орын саны 7011, оның 5000 бос емес.

«Өздеріңіз білетіндей, жұқпалы ауруларға арналған барлық төсектер материалдық-техникалық жабдықталуына, персоналдың дайындығына байланысты 3 эшелонға бөлінген: жағдайы ауыр, қалыпты және жеңіл науқастарға арналған. 29 наурыздағы жағдай бойынша жұқпалы аурулар ауруханаларында 2 759 адам (108 бала) жатыр, 39 науқастың жағдайы өте ауыр, 266-сы ауыр, 2 454-і орташа ауырлықта. 28 наурыз күні 204 адам ауруханадан шығарылды», - деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар, «Halyk Arena» кешенінде 1000 төсек-орын дайындалды. Кешен медициналық құралмен, жиһазбен, дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.