Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Медицина қызметкерлері мен кітапханашылардың жалақысына 90 млрд теңге бөлінбек

Медицина қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25 пайызға өседі...

Медицина қызметкерлері мен кітапханашылардың жалақысына 90 млрд теңге бөлінбек
фото: ашық дереккөз

Биыл тағы 90 миллиард теңгені Қазақстандағы дәрігерлер мен кітапханашылардың жалақысын көтеруге бөлу уәде етілді, деп хабарлады paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бюджеттен 88,2 миллиард теңге бөлінді", - деді вице-премьер Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, Білім және ғылым министрлігі кітапханашылардың жалақысын көтеруді де жоспарлап отыр. Ол үшін бюджеттен 1,8 млрд бөлінеді. Медицина қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25 пайызға өседі.

Сондай-ақ министр 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы - 25%-ға, мәдениет ұйымдарының қызметкерлерінікі 50%-ға көтерілгенін айтты.