Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Павлодарда 41 жастағы азамат жеделсаты ішінде темекі шеккен (ВИДЕО)

Жалпы, өңірде жыл басынан бері тыйым салынған орында темекі шеккен 301 адам жазаланған.

Павлодарда 41 жастағы азамат жеделсаты ішінде темекі шеккен (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Павлодарда жеделсатыда темекі шеккен адам жазаланды. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлады paryz.kz, облыстың Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде 28 наурыз күні лифтте темекі шеккен ер адамның видеосы жарияланғаны анықталды. Аталған фактіге қатысты Павлодар қаласының учаскелік инспекторы жұмыс жүргізді. Ер адам анықталды", - делінген хабарламада.

1980 жылы туған павлодарлыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы, 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, өңірде жыл басынан бері тыйым салынған орында темекі шеккен 301 адам жазаланған.