Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Алматының мониторинг тобы қыз ұзату тойын тоқтатып тастады

Сонымен қатар, 26-27 наурыз аралығында түнгі тексеру барысында 17 бұзушылық тіркелді.

Алматының мониторинг тобы қыз ұзату тойын тоқтатып тастады
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді тапсырды. Олардың саны 32-ден 40-қа дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

21-26 наурыз аралығында қалада 98 тексеру жүргізілді, онда 1911 нысан қамтылып, 300-дей белгіленген жұмыс режимінің бұзылуы, эпидемияға қарсы талаптардың сақталмау дерегі анықталды. Сонымен қатар, 26-27 наурыз аралығында түнгі тексеру барысында 17 бұзушылық тіркелді.

Мониторинг топтары анықтап, жолын кескен шаралар арасында үйлену тойлары, отбасылық және адамдар көп жиналатын өзге де мерекелік іс-шаралар бар. Мысалы, Әуезов ауданында 26 наурызда сағат 20.00-де «Ақсай 4», № 15а мекенжайындағы «Достар Сарайы» мейрамханасында «қыз ұзату» шарасы тоқтатылды. Тиісті шаралар қабылданды.

Айта кетейік, Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша әлі де «қызыл» аймақта тұр. Өткен тәулікте қалада 450 адамнан коронавирус анықталды.