Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік бюджеттен 45 млрд теңге берілді

2021 жылы төлемдер мөлшері балалар санына байланысты сараланған...

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік бюджеттен 45 млрд теңге берілді
фото: islam.kz

2021 жылы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 46 760-тан 186 688 теңгені құрады, деп хабарлады paryz.kz, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтарынан ақпанына дейін орта есеппен 433,6 мың көп балалы отбасылар 45,6 млрд теңгеге мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен қамтылды. Ал ақпан айында 436,9 мың отбасы жалпы сомасы 23,1 млрд теңгеге жәрдемақы алды.

2021 жылы төлемдер мөлшері балалар санына байланысты сараланған:

төрт балалы отбасы үшін – 46 760 теңге

жеті балалы отбасы үшін – 81 852 теңге

сегіз балалы отбасы үшін – 93 344 теңге

тоғыз балалы отбасы үшін – 105 012 теңге

он балалы отбасы үшін – 116 680 теңге

он бір балалы отбасы үшін – 128 348 теңге

он екі балалы отбасы үшін – 140 016 теңге

он үш балалы отбасы үшін – 151 684 теңге

он төрт балалы отбасы үшін – 163 352 теңге

он бес балалы отбасы үшін – 175 020 теңге

он алты балалы отбасы үшін – 186 688 теңге

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 21 қыркүйегінде жыл басынан бері 390 көпбалалы отбасыға 153,3 миллиард теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалған.