Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Пәтерін жалдаған әйелді WhatsApp-та балағаттаған ШҚО тұрғыны жауапқа тартылды

Тұрғылықты мекенжайы болмағандықтан, әйел өзінің кейбір заттары мен жеке құжаттарын сол үйде уақытша қалдырған. Алайда бірнеше күннен кейін барлық заттары жоғалып кеткен...

Пәтерін жалдаған әйелді WhatsApp-та балағаттаған ШҚО тұрғыны жауапқа тартылды
фото: ашық дереккөз

WhatsApp мессенджерінде Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын балағаттаған әйел жауапқа тартылды. Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі мәлім етті, хабарлады paryz.kz.

Әйел отбасымен бірге пәтер жалдап тұрған. Алайда қарызы көбейіп кеткендіктен көшуге мәжбүр болған. Тұрғылықты мекенжайы болмағандықтан, ол өзінің кейбір заттары мен жеке құжаттарын сол үйде уақытша қалдырған. Алайда бірнеше күннен кейін барлық заттары жоғалып кеткен.

Осылайша пәтер жалдаушы мен үй иесі арасында жанжал шыққан. Сотталушы WhatsApp арқылы бейәдеп сөздер айтылған аудиохабарлама жібереді. Ал жәбірленуші сол хабарламаны сақтап, сотқа арызданған.

"Сот үкімімен кінәлі деп танылған әйел 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Қазіргі уақытта ол пробация қызметінде тіркеуге алынып, қоғамдық жұмыс істеу үшін әкімдікке жіберілді", - деді пробация қызметінің басшысы Мақсат Манарбеков.