Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау досы Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оның айтуынша, Берденовтың жағдайы жақсы бола бастаған.
Құдайға шүкір, Руслан Берденов досымыздың беті бері қарай бастады. Ол сөйлеп, күніне 9-10 қадам баса бастады. Жағдайы күннен-күнге жақсарып келеді. Тілеулес болған баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз, - деді Сырымбек Тау.