Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Әкімдік бос сертификат ұстатқан ақтөбелік анаға 2 миллион теңгені кәсіпкер берді

"Мен бұл жайға бей-жай қарай алмадым. Бұл – менің сыйға тартқаным", - дейді ол.

Әкімдік бос сертификат ұстатқан ақтөбелік анаға 2 миллион теңгені кәсіпкер берді
фото: diapazon.kz

Ақтөбедегі жалған сертификаттың иесі атанған Айсұлу Күздібаеваға жергілікті кәсіпкер 2 миллион теңге сыйлады, деп хабарлады paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, облыс әкімінің қолынан 2 млн теңгеге сертификат алған 5 балалы ана кейін оның заңдық күші жоқ екенін біледі. Оның бұған дейінгі жасалған жөндеу жұмысына кеткен қаражат екенін білген әйел "мәселені дұрыс түсінбеппін" деп аймақ басшысынан кешірім сұраған. Бұл оқиғаны әлеуметтік желіден естіп-білген жергілікті кәсіпкер Гайк Тертерян көпбалалы анаға осы сомадағы қаражатты апарып берді.

"Мен бұл жайға бей-жай қарай алмадым. Бұл – менің сыйға тартқаным", - дейді ол.

Белгілі болғандай, Айсұлу Күздібаева Ақтөбе қаласына 3 жыл бұрын балалар оқитын мектебі де жоқ шалғай ауылдан көшіп келген. Бес баланың үшеуі 0-3 сыныптарда оқиды, одан кейінгілері - 4 және 2 жаста. Жолдасы кетіп қалған және қаржылай көмектеспейді екен. Ал шиеттей бала-шағамен жұмыс істей алмаған Айсұлу жұмысқа шыға алмай, 58 мың теңге жәрдемақымен күнелтіп отыр. Қазір 6 адам 12 шаршы метр жатақхана бөлмесінде тұрады.