Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Құралай Нұрқаділова ешкім білмейтін шындығын айтып, қатты жылады

Әлеуметтік парақшасында саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қызы, танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова ішкі жан сырын ақтарып, жылап қалды деп жазады paryz.kz.

Құралай Нұрқаділова ешкім білмейтін шындығын айтып, қатты жылады
фото: әлеуметтік желіден

Инстаграм парақшасында анасымен болған сәттерінің видеосын жариялаған Құралай Нұрқаділова:

“Осы видеоны реттеп отырып, өкіріп жыладым. Бұл жеке өмірім, саясатқа еш қатысы жоқ. Видеодағы кей дүниелерді ең жақын адамдарым да білмеген, шок болатын шығар.

Бұл видеода біздің жылдар бойы қандай азап шеккеніміз туралы айтылады. Ішімізде тұншығып жатқан шындық бүгінге дейін сыртқа шықпады.

Анам да сол шындықты ішінде сақтаған күйі өмірден өтті. Анамның өлімі жеке өміріміз, интимді мәселе деп ойлағам. Олай емес екен” деген ол видео рилсінде “әкем кеткеннен кейінгі 19 жылда анам “оның о дүниеде жаны жай таппады” деген уайыммен өмірден өтті” деп жазды.